Сочинение на тему "менин болашак мамндыгым" на казахском языке и чем больше тем лучше. как минимум на страницу

lolkajoin lolkajoin    3   07.06.2019 18:20    2

Ответы
badoo40 badoo40  07.07.2020 10:41
Адам өмірінде маңызды сәттердің бірі - мамандық таңдау. Мен де қазір өз болашақ мамандығымды таңдап қойдым, ол - дәрігер болу. Дәрігер мамандығы маған қатты ұнайды, жүрек қалауым. Мен өзімнің жақсы дәрігер боларыма сенемін. Себебі, мен бұл мамандыққа өте мән беріп қараймын.Дәрігерлер тек өздері не отбасы үшін ғана емес, халық үшін өызмет етеді. Ақ халат киіп, қаншама адамды өлімнен сақтап қалудан артық бақыт бар ма? Өзім емдеген жандардың жүзінен күлкі көру маған арман. Олардың маған айтқан алғыстарын естігім келеді.  Дәрігерлер ешқашан қатыгез болмайды, олар әр науқастың ауруына мұқият қарап, бар көмегін аямайды. Дәрігерлер әрқашан көмек беруден жалықпайды да, шаршамайды да. Әрине, бұл оңай жұмыс емес, бірақ мен барымды салып жұмыс жасаймын. Мен кішкентайымнан дәрігер болғым келетін, міне енді ер жеткен сайын арманымды жүзеге асыруға жақындап келемін. 
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi