Сочинение на тему "махамбет- халық ері" ,

1лолкекчебурек1 1лолкекчебурек1    3   16.08.2019 12:30    0

Ответы
autist1707 autist1707  04.10.2020 22:51

Махамбет – халық ері.

Қазақтың байтақ даласын,қонақжай халқын жаудан қорғаған батырлар аз болмаған.Сондай батырлардың бірі,әйгі ақын,жалынды жыршы,күйші – Махамбет Өтемісұлы.Ол мың сегіз жүз жиырма төрт – жиырма сегізінші жылдары Орынбор қаласында Жәңгір ханның ұлы Зұлқарнайынның қасында кеңесші болса,мың сегіз жүз жиырма тоғызыншы жылы Ішкі Ордаға Жайықтан жасырын өтті деген айыппен ұсталып, Калмыков бекетіндегі абақтыға екі жылдай тұтқында болады.Ал мың сегіз жүз отыз бірінші жылы абақтыдан қашқанымен,артынан ақталып шығады.Мың сегіз жүз отыз алты - мың сегіз жүз отыз сегізінші жылдардағы И. Тайманұлы бастаған шаруалар кетерілісінің жалынды жыршысы, қозғалысты ұйымдастырушылардың бірі болады.Көтерілісшілер Бекетай құмында өздерінен күші әлдеқайда басым Гекке әскерімен соғысып, жеңіліс табады.Мың сегіз жүз отыз сегізінші жылы он екінші шілдеде Ақбұлақ бойындағы шайқаста Исатай қазаға ұшырап, Махамбет Хиуа жақта екі жылдай жасақ жинауға әрекет жасады.Бірақ онысы жүзеге аспай,хан адамдарынан қашып жүруге тура келеді.Махамбет мың сегіз жүз қырық бесінші жылы тұтқиылдан қастандықпен өлтіріледі.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi