Сочинение на тему "алғашқы теледидар".

vavilovaev86 vavilovaev86    1   16.09.2019 10:20    3

Ответы
pilipenkorita3 pilipenkorita3  07.10.2020 19:39
Алғашқы кең қолданыс тапқан теледидарлардың өндірісі XX ғасырдың 30 жылдары басталған. Алайда, бұл ашылудың жүзеге асуы үшін ғалымдар ондаған жылдар ішінде аянбай еңбек етіп, мыңдаған тәжірибе жасаған. Теледидар тарихы фотоэффект құбылысының ашылуымен тікелей байланысты. Алғашында ішкі фотоэффект құбылысы қолданыс тапқан, оның мағынасы мынада еді: кейбір жартылай өткізгіштер жарықтандырылса, олар өз электр кедергісін күрт өзгертеді. Осындай қызық ашылуды алғаш рет ағылшын ғалымы Смит жасаған болатын. 1873 жылы ол кристалданған селенмен жасаған тәжірибесі жайлы баяндап, ғалымдармен ой бөліскен. Бұл тәжірибеде селен жолақтары платина кірістері бар түтікшелердің ішінде дәнекерленген. Түтікшелер күн сәулесі түспейтін қараңғы жерлерде сақталынатын. Қараңғы жерде селен жолақтарының кедергісі күрт өсіп, тұрақтылық көрсеткен. Күн сәулесі сәл түскен жағдайда, селеннің өткізгіштігі 15-100 %-ға жоғарлайтын. Кейін келе Смиттің жасаған ашылуы теледидар өндірісінде кең қолданыс тапты. Кез келген затты жарықтандырса немесе өзі жарық көзі болса, ол көрінеді, бұл бәрімізге мәлім. Бақылап отырған затымыз жарық немесе қараңғы бөліктері бір-бірінен шағылған немесе жарқыраған сәуле интенсивтілігімен ерекшеленеді. Теледидардың жұмыс істеу принципі де осының негізінде құрылған: кез келген бейнені жарық немесе қараңғы түктелердің жиынтығы деп қарастыруға болады. 1888 жылдың ақпанында орыс ғалымы Столетов жарық көзінің тоққа әсерін айқындайтын тәжірибе жасап, бұл құбылысты сипаттайтын бірнеше заңдылықтарды ашады. Қазіргі фотоэлеметтердің түп бейнесі болып табылатын құрылғыларды құрастырып, «электр көзі» деп аталатын құрылғыны ойлап табады. Кейін келе осыған ұқсас жұмыстармен Ф. Ленард, Дж. Томпсон, О. Ричардсон, П. Лукирский, С. Прилежаев деген ғалымдар айналысқан. Бірақ фотоэффект құбылысын толықтай тек Альберт Энштейн түсіндіре алды. Бұл зерттеулермен қатар, теледидардың дамуы мен құрастыруына зор үлес қосқан басқа да тәжірибелердің ашылуы кең етек алған. Мысалы, 1879 жылы ағылшын физигі Уильям Крукстың ойлап тапқан құрылғысының (люминофор) жұмыс істеу принципі қызық еді. Құрылғыға катод сәулесін түсіргенде, ол жарқырап тұратын. Кейін келе люминофордың жарықтандыруы, оған түсірілген сәулелену күшіне тура пропорционал екендігі анықталды. 1887 жылы алғашқы катод-сәуле түтікшені неміс физигі Карл Браун құрастырып, ғалымдардың оң бағасын алған еді. 1907 жылы Борис Розин Карл Браун шығарған катод-сәуле түтікшенің көмегімен бейне алудың теоретикалық мүмкіндігін айқындайды деген пікірге келеді. Розин бұны іс жүзінде де жүзеге асырады. Бейне ретінде қозғалмайтын бір нүкте алғанына қарамастан, бұл теледидардың дамуына әсер еткен батыл қадам еді. Жалпы айтқанда, электронды телевизионды жүйелердің дамуына Розин аянбай тер төкті. 1933 жылы АҚШ-да өмір сүрген орыс эмигранты Владимир Зворыкин халық назарына иконоскоп ұсынған. Иконоскоп – электронды таратқыш түтікше. 

Керек жерлерін көшіре қоярсын
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi