Сочинение на тему:
ұақыт - әркімнің өмірлік капиталы
по казахскому

EvaTV EvaTV    2   11.10.2021 08:23    0

Ответы
Седракян Седракян  11.10.2021 08:30

Уақыт – адам өмірінің ақшалай құны. Уақыт

әркімнің өмірлік капиталы.

Адамның босқа кеткен әрбір минуты отқа жаққан теңгемен тең. Біреудің бір сағаты мың теңге

болса, енді біреулердікі — бір тиын.

Даналық жасқа байланысты емес. Елдің бәріне ортақ бір-ақ күнтізбе бар,

тек оны әркім әр түрліше пайдаланады. Байларға да, қарапайым адамдарға да

берілетін мерзім – тәулігіне жиырма төрт сағат. Дүниеде уақыт белгілегеннен

артық демократия жоқ. Кім уақытын бағалай білсе, сол ғана табысты

адамдардың қатарына қосыла алады. Адам уақытты бағалай білгенде ғана өзін

өзі қадағалап отырады. Күнделікті жоспарын құрады. Сол арқылы ең жаман

дерт - еріншектікті жеңеді. Өзін нағыз адам етіп тәрбиелеп шығады.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi