Табиғат бізге, а тапсырылған аманат. Бізді қоршаған ортаны табиғи қалпында сақтау адамзаттың міндеті. Ал, біз сол міндетті орындап жүрміз бе? Көбіне орындамаймыз. Біз табиғатқа демалуға шықсақ, өзімізден кейін қоқыстарымызды жинамаймыз, кейде от жақсақ оны өшірмей, ормандарда өрт тұтану қаупін тудырамыз. Ашық су көздеріне де немқұрайлы қарап, тазалығын сақтамаймыз. Ал, автокөліктерден шығатын газбен ауа ластанады. Сонда адам өзіне пайдалы табиғат сыйларын өздері құртады. Сондықтан табиғат таза болса- аман болар азамат деген асыл сөзді ұмытпайық.