Сочинение на казахском языке на тему компьютер

afa2004 afa2004    3   10.07.2019 22:50    4

Ответы
aliaganieva70 aliaganieva70  03.10.2020 00:37

Компьютер

Қазіргі ғылым мен техниканың күн өткен сайын қарыштап дамып келе жатқан заманында адам өмірін компьютерсіз елестету қиын. Компьютердің басты мүмкіндіктеріне тоқталатын болсақ, оқушыларға сабаққа дайындалуға көмектеседі, бос уақытта музыка тыңдап, кино көруге болады, қажетті құжаттарды басып, шығаруға болады, кез - келген сызба жұмыстарын сызып, сурет салуға болады. Бұл тек бастамасы ғана, ал егер де компьютерді интернет желісіне қосатын болсақ, онда бұл мүмкіндіктер тіптен еселене түседі, себебі ғаламтор бетінде кез - келген ақпаратты іздеп табуға болады. Сонымен қатар әлеуметтік желіде жаңа достар тауып, әлемнің түкпір - түкпірінде өмір сүретін адамдармен сөйлесу мүмкіндігі туады.

Бірақ қаншама пайдалы жақтары болғанымен, компьютердің зиянды жақтары да бар екенін есте сақтаған абзал. Компьютерде көп отырған көз бен омыртқаға аса үлкен зақым келтіреді. Сондықтан да компьютерде көп жұмыс жасайтын адамдарға арнайы көзілдірік киіп, отырған кезде де арқаны тік ұстауға тырысу керек.

Одан кейінгі келтіретін зиян - ол уақыттың қадірін білмей, компьютерде отыратын уақытты тиімсіз пайдаланып, оның қалай өтіп кеткенін байқамай да қаламыз. Оның орнына пайдалы іспен айналыссақ болар еді. Мұны "ғаламторға тәуелділік" деп айтсақ та болады.

Сонымен қатар ғаламтордағы көптеген жағымсыз ақпарат адам психикасына да жағымсыз әсірін тигізеді.

Аталған жайттар денсаулығыңызға зиянын тигізбесін десеңіз, менің ойымша, компьютерді белгілі ір тәртіппен, күнделікті бір - екі сағаттан аспайтын уақыт қана қолданған дұрыс.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi