Депутат болу – аса үлкен жауапкершілікті талап ететін жұмыс. Себебі халық оларды таңдағаннан кейін сол халықтың мүддесін ойлап, ойларынан шығып, өз жұмысына адал болу керек.
Болашақта мен депутат болып жатсам, менің туған қалам Қарағандыда үлкен өзгерістер болар еді. Ең алдымен үлкен кісілердің жағдайын жасаушы едім – көбінесе қарт кісілердің зейнетақылары дәрі – дәрмектен артылмай, тіпті кей кездері толыққанды азық – түлік алуға жетпей жатады. Сондықтан мен зейнетке шығып, жасы алпыс бестен асқан кісілер үшін барлық қоғамдық көлікті тегін етер едім. Одан кейін ай сайынғы пәтерақы төлемін елу пайызға азайтар едім. Мектептерде арнайы үйірмелер ұйымдастырып, балаларға өнегелі тәрбие мен ғибратты әңгіме айту мақсатында ай сайын қарттарды мектепке шақыртушы едім. Атамыз қазақ «Қарт кісі - қазына» деп бекер айтпаған ғой, үлкеннің өнегесін көріп, батасын алып өскен жас ұрпақ болашақта жаман болмайды.
Келесі ретте жасөспірімдер үшін, яғни олардың бос уақыттарын тиімді пайдалану үшін әрбір ықшам ауданда тегін спорт залдары мен спорт алаңын салтырту мәселесін қолға алар едім. Себебі бос уақытта көрінген нәрсемен айналыспай, одан да спортпен шұғылданса, жаман әдеттерден аулақ болар еді.
Кішкене балаларды да ұмытпай, оларға арналған арнайы, қауірсіз ойын алаңдарын салдыртамын. Қазіргі кейбір ойын алаңдары ескіріп, балалардың өміріне қауіп төндіреді.
Әзірге осы. Жалпы мен депутат болып жатсам, ең алдымен әлеуметтік мәселелрді қолға алуша едім.
Егер мен депутат болсам...