Сочинение на казахском по теме "барлық арасан " (санаторий ) , , заранее !

olyailysha31 olyailysha31    1   02.08.2019 03:20    0

Ответы
ilyusha462782 ilyusha462782  29.09.2020 21:55
«Барлық – Арасан»

«Барлық-Арасан» шипажайы Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданында Семей қаласынан 600, Алакөлден 18 шақырым жерде, теңіз деңгейінен 579 м. биіктікте Барлық тауының аңғарында орналасқан. Емдеу барысында минеральды сулар мен емдік балшықтар пайдаланылады.

Шипажай маңында 1,5 шақырым аралықта 13 термалды минералдық су көздері бар.  Суларының құрамында күкірт, хлорлы сульфат, кремний қышқылы бар. Судың температурасы 20-43 С°. Шипажай суы химиялық  құрамы жағынан Цхалтубо, Сары-Агаш, Алма-Арасан шипажайларының суларына  ұқсас.  Минеральды сулармен тері ауруларын, буын   жүйке, асқазан ауруларын, тыныс органдарын, гинекологиялық т.б.  ауруларды емдейді. Демалушыларға физиотерапевтік, сылау, гинекологиялық кабинеттер, емдеу-сауықтыру бөлмесі, 1, 2.3 адамдық номерлер қызмет көрсетеді. Күнделікті арнайы көлікпен Алакөлге апарып тұру ұйымдастырылған.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi