Сочинение астана красивый город на каз.яз

Скримлучший Скримлучший    3   16.08.2019 17:00    4

Ответы
Bisspector Bisspector  08.09.2020 17:29
Арнадым жас қалама осы жырды, - деп, Астана туралы жүректен шыққан шығармамды осы бір өлең шумағымен бастағым келеді. Астана мемлекетіміздің саяси, әкімшілік, экономикалық, мәдени орталығы және елдікті, ұлттық бірлікті білдіретін бас кала. Сонымен катар, Астана каласы- тәуелсіз Қазақстанның жаңа Елордасы. Қала құрылысы канатын кеңге жайып келеді. Жаңа әрі озық үлгідегі тұрғын үйлер, әкімшілік-шаруашылық ғимараттары бой түзеуде. Есіл өзенінің сол жағалауындағы жаңа әкімшілік-шаруашылық ғимараттарын жедел қарқынмен тұрғызу мақсатында "Астана-Жаңа қала" атты арнайы экономикалық аймақ құрылған болатьн. Ол қазірдің өзінде ертегілер еліндегі қаланы көз алдыңа келтіріп, үлкен кешеңді құрылысқа айналды. Қаланын жасыл желегі де көз қуантып, көңіл тойдыратындай, гүлзарлар көз жауын алып, су бүрқақтар жанға сая болуда. Менің Қазақстаным - дамыған ел, мәдениеті мен өнері өркеңдеген ел. Еліміздің болашағы біздер. Яғни, еліміздің болашағы жастардың қолында. Жастардың иманды, білімді, мәдениетті болып ержетуі, Қазақстанның дамыған 50 елдің қатарына енуі үшін септігін тигізеді. Менің негізгі армандарымның бірі-Қазақстанның даңкын аспаңдату. Әлемдегі өркениетті озық елдердің қатарына көп ұзамай косылатынымызға деген сеніміміз күшейе тусуде. Өйткені, мен казіргі жастарды болашақтың жарқын жұлдызды жастары деп санаймын. Әлі-ақ аспандағы күніміз казак жеріне ерекше сәулесін түсіреді.
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi