Сочь за 3 четверть по козакскому ответит на все срочьно 3-тоқсандық жиынтық бағалау. 5 сынып «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен "Денсаулық - зор байлық", "Менің Тәуелсіз Қазақстаным", "Компьютердің тілін табу − өнер" бөлімдері бойынша.
Ұзақтығы: 40 минут
саны:
Мақсаты:
5.О6. Оқылым материалдарының мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру.
ТБ1.2. Лексикалық мағынасы жағынан заттың түрін, түсін сапасын білдіретін сын есімдерді ажырата білу, жазба, ауызша жұмыстарда қолдану
А1.Тақырып бойынша меңгерген жаңа сөздерді олардың синонимдерімен, антоним, омонимдерімен қатар қолдану, ойын жеткізе білу

І.Тыңдалым
Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Спорт – денсаулық кепілі
Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Біздің ата-бабаларымыз «Тәні саудың – жаны сау» деп бекер айтпаған. Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты болады.
Халықтың денсаулығы - ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі. «Бірінші байлық - денсаулық» немесе «Денсаулық - терең байлық» деген даналық мәтелдері тіршіліктің нағыз өзегінен алынған емес пе? Тағы да «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деп, жан мен тән саулығын қоршаған ортада дұрыс сақтап және нығайтуға түрлі пайдалы жаттығулар мен әрекеттер жасап отырған.

1-тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша сұраққа жауап бер.
Мәтінде кездесетін мақал-мәтелдерді теріп жаз.

2-тапсырма. Сәйкестендір
1 Спорттың А Ілік септігі
2 Спортпен В Атау септігі
3 Спорт С Көмектес септігі

3-тапсырма. Мәтінге сәйкес шын ақпаратты анықта.
Сөйлемдер. шын жалған
1. Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білмейміз
2. Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты болады.

ІІ.Оқылым
Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

Менің Отаным - Қазақстан
Азия мен Еуропа құрлықтарының ортасында орналасқан ежелгі қазақ жері – қазіргі Қазақстан Республикасы үлкен аумақты алып жатыр. Ол дүние жүзіндегі екі жүзден астам мемлекеттің ішінде жер көлемі жағынан тоғызыншы орынды алады. Қазақстанның жері қандай үлкен болса, оның географиялық ерекшеліктері де әр алуан.
Қазақстан жерінде көне ескерткіштер көптеп саналады. Айталық, Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан Отырар, Сауран, Сығанақ, Шымкент, Тараз, Түркістан сияқты қалалар мәдениет пен ғылымның орталықтары болған. Еліміздің ең қымбат тарихи жәдігері – «Алтын адам». Алматы маңындағы Есік обасынан табылған «Алтын адам» көне дәуірлерде Қазақстан жерінде жоғары өркениеттің болғандығын көрсетеді.

1-тапсырма. Мәтіннен жұрнақ арқылы жасалған сын есімдерді тап.

2-тапсырма. Мәтіннен берілген сөздердің синонимін табыңыз.
А) ежелгі -
В) мұра -

3-тапсырма.Мәтінде кездесетін сан есімдерді теріп жаз, олардың түрін анықта.
ІІІ. Жазылым

«Компьютердің пайдасы мен зияны» тақырыбында эссе жазыңыз. Жазылым мазмұнында сын есімдерді, антоним мен синонимдерді қолданыңыз (60-80 сөз).

ІҮ.Айтылым.

Төмендегі тақырыптардың біріне диалог құрастыр.
1) Денсаулық-зор байлық
2) Аспан әлемінің құпиялары
3) Менің Тәуелсіз Қазақстаным
4) Компьютердің тілін табу- өнер

albina8427 albina8427    2   16.03.2021 09:46    0

Ответы
sms29889855 sms29889855  15.04.2021 09:48

1. «Тәні саудың – жаны сау»,

«Бірінші байлық - денсаулық»

«Денсаулық - терең байлық»

«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде»

2. Спорт - Атау септігі

Спорттың - Ілік септігі

Спортпен - Көмектес септігі

3. 1 - жалған

2 - шын

ІІ.Оқылым

1. ежелгі, үлкен, әр алуан, көне, қымбат, тарихи, көне, жоғары.

2. ежелгі - көне

мұра - жәдігер

3. екі жүзден, тоғызыншы.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi