СОЧ по казахскому Оқылым. Мәтінді оқыңыз.
Латын әліпбиі, әлемде кеңінен қолданылады [1][2]. Б.з.б.(біздің заманымыздан бұрынғы-до нашей эры) 7 ғасырда Римде грек және этрус әліпбиінің тармағы ретінде пайда болып, б.з.
1 ғасырында қалыптасты. Жазу оңнан солға немесе солдан оңға қарай (брустрофедон бойынша) жазылып, бағыты әрдайым алмасып отырған. Б.з.б. 4 ғасырдан бастап жазу тек солдан оңға қарай жазылды, алғаш 20 әріп болды. Әліпбиге б.з.б. 230-жылдары G, Y және Z әріптері енген, соңғы екеуі грек тілінен кірген сөздер үшін алынған, ал J, U, W әріптерінің қолданылуы қайта өркендеу дәуіріне жатады. Орта ғасырда Латын әліпбиі Еуропаға тарады, Африка, Америка және Азия халықтары пайдаланды. Латын сөздерін оқуға негізделген әріп таңбалары қалыптасты. Қазіргі латын әліпбиінде 25 әріп бар. Дауысты дыбыстар созылыңқы және қысқа айтылады, осыған байланысты сөздердің мағынасы өзгереді: līber – тәуелсіз, liber – кітап. Латын әліпбиінде алты монофтонг (жалаң дауысты) – а, е, і, о, u, у, сондай-ақ екі дифтонг (қос дауысты) – аu, еu бар. Үш диграф (қос таңбалы) – ae, oe, ue бар. Дауысты дыбыстардың санына, орналасу тәртібіне байланысты сөзге екпін түседі, буындар да осы негізде жабық(тұйық) (дауыссызға бітсе) және ашық (дауыстыға немесе дифтонгқа аяқталса) болып бөлінеді.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы да өз графикасын латын әліпбиі негізінде жасауды қолға алып отыр. Бұл-уақыт талабы.
Дереккөзі: 1. Дирингер Д., Алфавит, М., 1963.
2. Добиаш-Рождественская О.А., История письма в средние века, М.—Л., 1963
1-тапсырма. Мәтінге тақырып қойыңыз.
[1]
2-тапсырма. Мәтіннің жанры мен оның ерекшеліктерін анықтаңыз. Мәтіннің тіліне талдау жасаңыз
Стилі Жанры Тілдік ерекшелігі
[3]
3-тапсырма. Латын әліпбиі мен қазақ тілінің дауысты дыбыстарының ұқсастығы туралы не айтар едің? Өз ойыңды дәлелде
, буындар да осы негізде жабық(тұйық) (дауыссызға бітсе) және ашық (дауыстыға немесе дифтонгқа аяқталса) болып бөлінеді.