СОЧ ПО КАЗ ЯЗ І. ОҚЫЛЫМ Мәтінді мұқият оқып, тапсырмаларды орындаңыз.

Ертеде жылқы Күнге қарап:
- О, қайырымды, Күн! Мені жануарлардың арасындағы ең сұлуы дейді. Оны өзім де білемін. Сонда да кейбір дене мүшелерімді бұдан да әдемі етсем деп ойлаймын,- депті.
- Сонда қай жеріңді түзеткің келеді? - деп сұрайды Күн күлімсіреп.
- Егер аяқтарым бұдан да ұзындау болса, мен тіптен жүйрік болар едім. Мойным аққудың мойнындай ұзын болса, маған ол бұдан да әсем көрік берер еді. Адамды арқалап жүру үшін арқамнан мәңгі алынбайтын ер-тоқымым болса, жақсы болар еді.
- Күте тұр, - дейді Күн күліп.
Жылқыға Күн түйені алып келеді.
- Міне, сен ұнатқандай ұзын аяқ, ұзын мойын, ері де дайын. Қалай, сенің де осындай болғың келе ме? - деп сұрайды Күн.
Жылқы көріксіз жануарды көргенде қалшылдап қоя береді.
- Жо-жоқ! - дейді қорыққанынан.
- Саған өз бойыңдағы сұлулығың да жетеді! Әркім өз қасиетін бағалауы тиіс,- дейді Күн жылқыға. Содан бері жылқы әлі күнге дейін түйені көрген сайын қорыққанынан дірілдей бастайды екен.

1. Мәтін мазмұнына сай келетін тақырыпты көрсетіңіз.
a) Жылқының арманы
b) Жылқы мен түйе
c) Сужүрек жылқы
d) Аққу мойын жылқы
e) Күн мен жылқы
[1]

2. Мәтін мазмұнына сай «дұрыс, бұрыс» ақпараттарды белгілеңіз.
Ақпараттар Дұрыс (+) Бұрыс (-)
1) Жылқы мойнының ұзын болғанын қалады.
2) Жылқы арманын орындау туралы тілегін жұлдыздардан сұрады.
3) Жылқы түйе сияқты болғысы келіп, Күннің ұсынысын қабылдады.
[3]

3. Мәтін бойынша оқиғалардың ретін ажыратыңыз.
I. Жылқының өз қалауынан бас тартуы.
II. Жылқының Күнге өтініші.
IІІ. Күннің түйені алып келуі.
a) II, I,ІІІ
b) ІІІ, II, І
c) II,IІІ, І
[1]

Жазылым
Төмендегі тақырыптардың бірін таңдап, сипаттау, суреттеу мәтінін жазыңыз. Мәтінде кем дегенде үш сипаттау, суреттеу сөздерін қолданыңыз.

1) Менің отбасымда туған күнді қалай тойлаймыз?
2) Біздің сынып
3) Маған ұнайтын жануар
4) Мен қандай гүлдерді ұнатамын?
[10]

alihan242 alihan242    3   29.10.2020 10:23    22

Ответы
zuza81ozzhmr zuza81ozzhmr  28.11.2020 10:24

https://ru-static.z-dn.net/files/d89/34b82c29a5e929f26f96cde0cdee7b99.jpg

https://ru-static.z-dn.net/files/ddf/d19d5ed5b8831fd8e31e80213fd869d4.jpg

если чо бан жасамаңдар дурыс жауабы бар ссылка бойынша знания сайты

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi