СОЧ
Мәтінді оқып, «Мемлекет болашағы» тақырыбына кластер құрып жазыңдар.Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, Елбасымыз атап айтқандай, «барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы» екендігін әрқашан есте сақтауымыз керек. Бүгінде қазақ тілінде жер бетінде 15 миллионнан астам адам сөйлейді. Егер қазақ тілінің түркі тілдер тобына кіретінін, әлемдегі 30-ға жуық түркі тілдерінде 200 миллионға жақын адамның сөйлейтінін ескерер болсақ, қазақ тілін ұғатын, түсінетін, оны ұлтаралық қатынас құралы ретінде пайдалана алатындар саны еселеп өседі. Ендеше саны кешегі Кеңес Одағы құрамында болған латыш, литван, эстон, молдован, армян, грузин, тәжік тілінде сөйлейтіндерден екі есе көп, ал Еуропадағы дамыған финн, норвег, швед, дат, венгр, чех, словак тілдерінде сөйлейтіндердің санынан әлдеқайда басым. Аса бай тарихы, сөздік қоры қалыптасқан, тілдік жүйесі, орасан зор әлеуеті бар, ең алдымен, қарыштап дамып келе жатқан Қазақстан Республикасы сияқты тәуелсіз мемлекеті бар елдің барша азаматтарының мемлекеттік тілі – қазақ тілін өркендету баршамыздың ұрпақ алдындағы қарызымыз. 2020 жылға дейінгі мерзімге арналған мемлекеттік бағдарлама жасау – Елбасымыздың Үкіметке берген тікелей тапсырмасы. Нұрсұлтан Әбішұлының ел тәуелсіздігінің тірегі болумен қатар, мемлекеттік тілдің де ең басты қамқоршысы екендігін атап айтқым келеді. Ендеше Елбасының тапсырмасын орындау әрбір мемлекеттік қызметшінің ғана емес, барша қазақстандықтардың абзал борышы деп білемін