Синоним.Антоним. 1-тапсырма. Мәтінді мұғалімнің мәнерлеп оқуынан тыңдаңдар. Мұғалім нің дауыс сазына көңіл бөліңдер.
Бір-бірімізді көргенде, амандасамыз, амандық-саулық сұрасамыз немесе бір-бірімізді құттықтап жатамыз. Сәлемдесудің тілімізде сан алуан түрлері бар. Тіл жұмсау дағдысында «Сәлеметсіз бе?», «Аман-есенсіз бе?», «Армысыз?», «Сәлем бердік!», «Ассалаумағалейкүм!», «Кеш жарық», т.б. сөздер жиі қолданылады. Амандық сұрасу – тұрмыста жиі айтылатын, құлаққа жиі естілетін сөздеріміз. Бірақ бұлардағы мағыналық, стильдік реңк оларды талғап, таңдап өз орайында, өз орнында қолдануды қажет етеді. Мысалы, «Сәлеметсіз бе?» деп амандасу үлкен-кішіге, таныс-бейтанысқа, ресми жағдайда да, еркін жағдайда да қолдана беретінін байқасақ, ал «Ассалаумағалейкүм!» деп амандасуды ауылдағы кей жасы үлкен ақсақалдар ұнатып тұрады. Әжелер мен апаларға бұлай амандасу қолайсыз жағдайға душар қылады. Немесе мектеп шәкірті ұстазымен «Сәлеметсіз бе?» деп сыпайы сәлемдеседі. Міне, бұл тәрізді ерекшелік амандасуға жататын этикет (әдеп) сөздерде мағына, стильдік өзгешеліктермен қоса әлеуметтік сипат барын аңғартады. Ал кішінің үлкендерге «Сәлем бердік!» деп қолын ербеңдетуі не жүрдім-бардым амандасуы әдепсіздікке жатады. (Рабиға Сыздық) сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Мұғалімнің оқу мәнерінен қандай маңызды сөйленістерді есте ұстадыңдар?
2. Автор сұхбаттасу мәдениетіне қатысты қандай мәселелерді өздеріңмен бөлісіп отыр?
● Мәтіндегі синоним сөздерді тауып, мағынасын сөйлеу жағдаятына қарай түсіндіріңдер.
● Мәтіндегі антоним сөздерді тауып, мағынасына және тұлғасына қарай талдаңдар
Дискриптор:
-Синоним,антоним сөздерді ажырата алады;
3-тапсырма. Мына амандасу сөздерін қатыстырып, диалог құраңдар.
1. Ассалаумағалайкүм – Уағалайкүмассалам! 2. Саламалейкүм – Әликсалам! 3. Сәлеметсіз бе? Сәлеметсің бе? Сәлемет пе? 4. Аман сың ба? Амансыз ба? Армысыз? Ар ма? 5. Ат-көлік аман ба? 6. Ел-жұртың, ауыл-аймағың аман-есен бе? 7. Мал-жан аман ба? 8. Қайырлы таң! 9. Кеш жарық! 10. Жайлы жатып, жақсы тұрдыңыз ба?