ответ:Шымбұлақ — Алматы маңындағы Іле Алатауы шатқалының 2510 метр биіктігінде орын тепкен тау-шаңғылық курорты. Талғар асуының бөктеріндегі бұл спорттық кешен 1954 жылдан бастап тау шаңғысы спортшыларының сүйікті орнына айналған. Алғашқыда бұл кешен кеңес тау шаңғышыларының олимпиадаға дайындық базасы ретінде құрылған. Жарыс жолының ені 25 метр, еңістігі 11-29 градустардың аралығында, сондықтан шаңғышылардың ең жақсы жылдамдық көрсетуіне қолайлы. Техникалық сипаттамасы жағынан Еуропаның ең жақсы жарыс жолдарынан кем емес, көп жағдайда (қарының сырғанақтық сапасы бойынша) олардан артық.
Кешенді жаңа жөндеу бойынша жалпы ұзындығы 6 шақырымнан екі есеге ұзартылды. Ал ені ең негізгі бөліктерінде 10-20 есеге кеңейтілген. Тау шаңғы трассаларының бойына қар зеңбіректері орнатылған, аспалы жолдардың болат арқандары жаңартылған. Алдағы күндері шаңғы жолдарын Қарлытау мұздығына дейін ұзарту көзделген. Осы шаралар іске асқаннан кейін шаңғы трассасының ұзындығы бойынша Шымбұлақ әлемдік жетекші курорттарымен теңесетін болды. Сондай-ақ, қонақ үйлер қайта жасақталып, мейрамханалар мен дүңгіршектер, боулинг, спа-орталықтар құрылады. Осы жұмыстардың барлығы 2011 жылғы Азия ойындарының қарсаңында аяқталмақ.
Шымбұлақ
Сонымен бірге мұнда соңғы үлгідегі уақыт өлшейтін құралдар, әлемдік жоғары деңгейдегі жарыстарды өткізуге лайықты ақпараттық көрсеткіштер қойылады. Тау шаңғысы мен сноубордтың халықаралық мектептері бой көтермек. 2000 автокөлікке арналған жерасты автопаркингтер, Медеу мен Шымбұлақ арасында жүретін 4,5 шақырымдық аспалы жолдар салынған. Осы жолдар арқылы тау шаңғысы кешеніне он бес минутта көтерілуге болады. Болат арқандарға секундына 5 метр жылдамдықпен жүретін 115 кабина орнатылады, яғни, олар бір сағатта 2000 адамды тауға көтермек. Курортқа балаларын алып келетін туристерге ыңғайлы болу үшін, «бэби-лифт» - көтергіші бар балалар алаңы да жасалып қойылған. 2510 метр биіктікке орналасқан бұл кешеннен таудың кереметтей көріністері, жұмсақ климаты мен шуағы мол күндерінің көп болуы, қар қабатының ұзақ уақыт жатуы (желтоқсан мен сәуір аралығында) – бұл жерге туристер мен тау шаңғы спорты әуесқойларының легін өзіне баурап тартатын болады. Мұнда демалыстың басқа түрінен гөрі, айдындай тайғанақ мұз жолдарын қалайтын

Объяснение: