Шығыстан таң көрінгенде нұргүл, айгүл, мен - үшеуіміз өзен жағасында тігілген үй сыртында отыр едік. -мен жарық таңды жақсы көремін. -ал мен сайраған кұстар даусын күнде естігім келеді. дәл осы кезде бір топ құстың сайрағаны естілді. -бұлбұл ғой. -жоқ, тамыз айында бұлбұлдар сайрамайды. мынау - қараторғайдың дауысы. ой, дауыстары қандай әдемі! - деп айгүл қуанды. мен ағаш басына қарап отыр едім, қараторғайлар әнге басып отыр тоғайға кірдік. биік бір теректің айналасы мөлдіреген қарақатқа толып тұр екен. үшеуміз де алақанды толтыра асап жүрміз. -ой, дәмі қандай! дорбаға да салып жүрміз. қарақат таусылар емес. ауылға қайттық. көк жүзінде күн күлімдеп тұр.