Шығыс септіктегі сөздермен тіркесетін септеулік шылауларды табыңыз.
А) Кейін, соң, гөрі, әрі, бері.
В) Ғана, -ды, -ді.
С) Дейін, шейін, таман, қарай.
Д) Арқылы, жайынша, жөнінде
Е) Қатар, бірге, қабат.
7. Еліктеу сөзден жасалған қос сөзді табыңыз.
А) Жалт-жалт
В) Әке-шеше
С) Қап-қара
Д) Ат-мат
Е) Бала-шаға
8. Есім сөз бен септеуліктен жасалған тіркесті табыңыз.
А) Табыстан-табысқа.
В) Жол жүру.
С) Қарқыны үдей түсті.
Д) Бала сияқты.
Е) Бірін-бірі.
9. Сөйлемдегі қойылмаған тыныс белгісін табыңыз.
Біздің үйге келгендер Сәбира, Жекен, Ардақ әңгімелесіп ұзақ отырды.
А) Сызықша.
В) Нүкте.
С) Дефис.
Д) Көп нүкте.
Е) Қос нүкте.
10. «Ескі» деген ұғым тұлғасында айтылатын сөзді көрсетіңіз.
А) Көне.
В) Судай жаңа.
С) Жаңа.
Д) Жауыр болған.
Е) Тың.
11. Диалект сөзді табыңыз.
А) Мұзжарғыш.
В) Бәтеңке.
С) Ғарыш.
Д) Шәугім.
Е) Жерұйық.
12. Орыс тілінен енген сөздерде ғана жазылатын әріптерді көрсетіңіз.
А) о,у
В) и,т
С) б,д
Д) ф,в
Е) ы,і
13. Қатыстық сын есімді ажыратыңыз.
А) Мейірімді.
В) Аласа
С) Биік
Д) Көк
Е) Ащы
14. Бастауыш қызметіндегі белгісіздік есімдігін табыңыз.
А) Мен бақыттымын.
В) Кейбіреудің көнгісі келмеді.
С) Біреулер жайраңдап жүріп жатыр.
Д) Күн қабағы түйілді.
Е) Өз көзіммен көрдім.
15. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз.
А) Поэзия алыбы.
В) Түлен түрту.
С) Араласа-құралас.
Д) Соқпақ жол.
Е) Көшеге шығу.​

M4xL1ght M4xL1ght    3   25.12.2020 08:42    5

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi