Шығарманың қаһарманы деген не?​

lsofa1204 lsofa1204    2   15.09.2020 15:27    2

Ответы
mru199 mru199  15.10.2020 21:57

Әдеби қаһарман көркем шығармада мінезімен, іс-әрекетімен, ой-толғамымен мейлінше нақтылы дараланып, бейнеленген тұлға.

Әдеби қаһарманның ең жоғары жан-жақты шебер мүсінделген түрі - тип. Әр кездегі қоғамның мақсат-мұратына, эстетика ұғым-түсінігіне сәйкес әдеби қаһарманның түрліше типі болғандығы мәлім. Мысалы, қазақ ауыз әдебиетіндегі Ер Төстік, Алпамыс, Қобыланды, Қыз Жібек, 20 ғасырдағы қазақ әдебиетіндегі Абай, Құнанбай, ("Абай жолы" эпопеясында), Еламан, Кәлен ("Қан мен тер" трилогиясында), т.б.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi