Шығармадағы оқиғаларды сюжеттер желісімен орналастырыңыз. Оқиғалар Реті
Есмағамбеттің бұл сапары ауылына төрт жылдан кейінгі оралуы еді.
Есмағамбет енді еңкеңдеп барып, анадай жерден қолдан жасалған ағаш орындықты алып, баланың дәл жанына жайғасты.
Ағаштардың әрқайсысына тоқтап қарап, сосын жоңышқалықты аралап келіп, күннің қызуы қуырып бара жатқандықтан, жүзімнің көлеңкесіне кіре бергені сол еді:
Мама-аа...мама-аа,
Сенсің ғой ең дана-а.
Мәңгі дос сен ғана..., -деп әндеткен сүйкімді бала дауысын естіді.
Сосын шын ықыласымен:
-Алматыға барасың ба? – деді.
Бала енді арман-мақсатына жеткендей елеуреп тұрып:
-Сосын екеуіміз базарға барамыз ғой?-деді тағы да.
Бала жіп-жіңішке саусақтарын кезек бүгіп тұрып:
-Бүгін-н... Сосын ертең-ң... Сосын арғы-ы күн...Сонда кетеміз ғой?
Енді Есмағамбеттің өзі қатты састы...
Мамасы мен папасы жайлы баланың шабыттанып айтқаны сондай – осы қалпында пойызға қазір мініп кетердей, тіпті пойызды күтпестен құс болып ұшып кетердей алып-ұшқан екпін бар.