Шығамын тірі болсам адам болып

Шығамын тірі болсам адам болып,
Жүрмеймін бұл дүниеде жаман болып,
Жатқаным көрде тыныш жақсы емес пе,
Жүргенше өмір сүріп надан болып.

Мен балаң, жарық күннен сәуле қуған,
Алуға, күнді барып, белді буған.
Жұлдыз болып көмеймін елдің бетін.
Болмасам толған айдай балқып туған.

Бұл сөзім асып айтқан асылық емес,
Ойында оты барлар асылық демес.
Тебем деп, тірі болсам надандықты,
Серт етіп, өз-өзіме еткем егес.

1)Өлеңде автор қандай мақсат қояды? *

қалаларды аралау
білім алу
білімді болу, білімсіздікпен күресу
елмен ерегесу

2)Надан деген сөздің мағынасы қандай?? *

топас
жынды
жаман
әңгүдік

3)Өлеңінде ақын неліктен надан болғысы келмейді? *

ол өз елін ұнатпайды
ол надандардан көп запа шеккен
ол надандықты жек көреді
надан болудан қорқады

4)Өлеңнің басты идеясы неде? *

жұлдыз болып көрмеуге шақыру
надандарды тебуге шақыру
күнді алуға шақыру
оқу білімге шақыру

5)Ақын өлеңі қандай сезімге толы? *

ашуға
намысқа
қуанышқа
қайғыға
аянышқа

6)Өлең мазмұны бойынша шығарған қорытындыңызды жазыңыз.

7)Өлеңдегі автор бейнесі қандай? *

жігерлі
сабырсыз
арсыз
қалыпты

8)Адам болып шығу дегенді қалай түсінесіңдер? *

9)Ақын берген сертін орындады ма? *

10)Ақын ойы мен арманына тағы не қосар едіңіздер?

BabyTaya BabyTaya    3   14.01.2021 16:31    4

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi