Штрафортта қызмет еткен жалғыз қазақ қызы Халида Маманова 1918 жылы 24 наурызда Алматы облысы, Ақсу ауданында өмірге келген. Текті отбасынан шыққан Халида он жасында әкесімен бірге қуған-сүргіннің қармағына ілініп, Перьмге жер аударылып кеткен екен. Білімге жаны құштар Халида алдымен техникумға оқуға түссе, кейіннен медицина институтына барады.
         Халида 1941 жылдың 31 желтоқсанында Қазақ медицина институтын аяқтап, емдеуші-дәрігер дипломын алған. Одан кейін Ғылым академиясының физиология институтының аспиранты болады.
        Х.Маманова 1942 жылдың ақпан айында әскер қатарына алынып, медицина институтын бітірген маман ретінде лейтенант атағына қол жеткізуі керек болатын. Десе де, қазақ қызына ол шен түгілі, медбикелік қызмет атқару бұйырмапты. Бұл бассыздыққа төзбеген Халида Сталинге ашық хат жазып жібереді. Өкінішке қарай, мұның арты оның есімі сотталғандар мен саяси тұтқындардың арасына түсіп кетуіне түрткі болған.  Кез келген келеңсіздіктен жол таба білетін қайсар қызды, бақытына орай, авиабатальонға ауыстырып, сондағы амбулаторияның басшылығына тағайындайды.
      Халида 821 батальонмен бірге Сталинград түбінде өткен шайқастың басынан соңына дейін қатысқан. Содан кейін 4-Украина, 3-Беларусь майданы сапында Балтық жағалауын, 1 мен 2-Украина майдандарының құрамында Польша, Чехословакия, Австрияны азат етті. Көп ұзамай, Германия жерін дейін жетті. Осы жылдары көрсеткен ерлігінің арқасында 1943 жылы лейтенант шенін алып, бірнеше медальдармен, «Қызыл жұлдыз» ордендерімен марапатталды. 1945 жылы майданда алған жарақатының кесірінен елге оралды. 1977 жылы батыр қыз өмірден озды. Медицина ғылымының докторлығына дейін жеткен Халида Есенқұлқызының атында еліміздің ірі қалаларында көшелер бар. https://el.kz/

1.     Мәтіннің стилін анықтаңыз.
А) Публицистикалық стиль
Ә) Ресми іс-қағаздар стилі
Б) Ғылыми стиль

danyaaseev2006 danyaaseev2006    1   05.05.2021 12:10    2

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi