Шолпандағы өмір осындай ортада өтіп жатты... Шолпан ғажайып ғаламшар. ...Оның шағылыстырғыш қабілеті, Жер атмосферасына қарағанда, әлдеқайда күшті. Күн сәулесінің жетпіс бес пайызы кері шағылысады. Қалған жиырма бес пайызы ғана бұлтты жарып өтіп, Шолпанның бетіне жетеді. Ғаламшардың бетінен жоғары қарай санағандағы ең төменгі бұлт қабаты ерекше қызады. Оның температурасы бес жүз градус ыстыққа дейін жетеді. Сыртқа шыққан адам өзін бейне бір монша буында тұрғандай сезінер еді. Онда да арнайы скафандр кигенде. Ал былайша шыдау мүмкін емес. Монша дағы жүз елу градус ыстықтың өзі де адамды кәдімгідей шаршатып тастамай ма?! «Жерде жүргенде терлейтін бу іздеп әуре болушы едік. Мұнда ешқашан от жақпай-ақ пора-пора терге түсесің», деп бір-біріне әзілдейді геологтер. Осындай ыстық климаттың салдарынан таудың астын паналауға тура келген. ( ЖүнісСахиев) Морфологиялық талдау керек

vladarzm vladarzm    3   11.12.2021 17:31    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi