Шоқанның қандай қасиеттерін өздеріңе үлгі етер едіңдер? нужно написать на пол страницы.

Sashunai Sashunai    3   15.06.2019 02:40    3

Ответы
victory66 victory66  12.07.2020 12:21
Шоқанның бойынан мен үзгі етер  қасиеттің бірі - зерттеушілікке, білімге деген ерекше құмарлық. 30 жылдық қысқа ғана ғұмырында еліне пайдалы іс жасап, артына із қалдыру кез-келгеннің қолынан келе бермейді. Өз халқының ауыз әдебиеті үлгілерін зерттеп, қағазға түсірген Шоқан халық мәдениетіне, ертеңгі күніне алаңдаулы болғанын көруге болады. Орыс зерттеушілерімен бірігіп, сапар шегіп, экспедицияларға қатысып, қазақ халықының арасынан шыққан тұңғыш географтың бірі болды. Әдетте адам өзі білмейтін іске аяқ баса қоймайды. Ал Шоқан ауыз әдебиетін зерттеп, тек қазақ емес, сонымен қатар қырғыз жырларын да зерттеп, "Үш дананың" біріне айналды. Шоқанның бұл құмарлығы даңққұмарлық емес, халқына деген жан ашырлық деп түсінемін. Міне  осындай қасиеттерімен Шоқан мен үшін дара тұлға болып табылады. Бүгінгі күні 30 жасқа келсе де, әке-шешесінің алақанына қарап отырғандар қаншама. Солардың қатарынан емес, Шоқан секілділердің қатарынан табылғым келеді. Сол жолда тер төгіге тырысамын. 
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi