Шетелдік ғалымдардың қазақ халқының музыка өнері туралы айтқан пікірлерін пайдаланып, «Қазақ өнерін еуропалықтармен салыстыру дұрыс па?» деген тақырыпта жинақы мәтін жазыңдар. Ойларыңды болжалдық келер шақ етістіктері қатысқан сөйлеммен қорытындылаңдар

Sherlokzn Sherlokzn    3   07.12.2020 08:16    1

Ответы
17princess 17princess  06.01.2021 08:16

Менің ойымша, салыстырған дұрыс емес, мен тіпті салыстыруға келмейді деуші едім. Себебі әр ұлттың өзіне тән салт – дәстүрлері, әдет – ғұрыптары, халық ауыз әдебиеті, мәдениеті, өнері, тәрбиелік ұстанымдары бар. Міне, осы асыл қазынамыз бізге ұрпақтан ұрпаққа сан ғасырлар бойы аманат ретінде ұласып, ұлттық болмысты жоғалтпай, өзгелерден ерекшелеп тұратын айна секілді. Қазақ халқының екі жүзге жуық салт – дәстүрі, сенім – ырымдары, ұлттық ойындары бар, олардың әрқайсысының тәрбиелік те, танымдық та маңызы зор.

Екі өнердің өздеріне сай ерекшеліктері мен тек сол халыққа тән мәдениет болған соң, салыстыру мүмкін емес.

Мысалға, айтыс өнерін алар болсақ. Айтыс – қазақ халқының ертеден қалыптасқан жыр жарысының бір түрі. Айтысқа суырып салма ақындар мен көркем сөз шеберлері қатысады. Айтыста ел басқарып отырған басшылардың кемшіліктері, сондай – ақ өмірдегі келеңсіздіктер ашық айтылады. Айта кететін бір жайт, айтыс бүгінгі күнге дейін жетіп, тәрбиелік мәнін жоғалтпаған жыр жарысы. Бұл өнер тек қазақ халқы мен көршілес, бауырлас түркі халықтарына тән өнер түрі. Еуропада айтысқа сай келетін өнер түрі жоқ.

Сондықтан, менің ойым - салыстыру дұрыс емес және мүмкін емес.

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi