Шасы-Мадийдің шөбересі,массагеттердің патшасы-Сыпырдың қызы. Патшайымның анасы Томиристің сәби шағында қайтыс болған.Кішкентай қызды әкесі тәрбиелейді. 2.Томирис бала кезінен әскери қимыл мен қару-жарақ пайдаланатын ортада өскен.Әкесімен бірге жаулардан бірнеше рет қашып құтылған.Ал бес жасынан бастап асау атқа мініп жүрген.Алты жасында қолына ақинақ-қысқа семсер ұстап,соғыс өнеріне жаттыға бастаған.
3.Парсылардың Кир патшасын жеңген соң Томиристің аты тарихта қалған.Кир патша шығыстағы массагеттерді жаулап алуды көздеген. Алдымен,Кир көшпенділер еліне елші аттандырады. Олардың патшайымы-Тұмардың өзіне тұрмысқа шығуын сұрайды.Осылайша Кир массагеттермен соғысуға сылтау іздейді. Тұмар Кир патшаның/ж.ж.с.д.588-530/ұсынысын қабылдамайды.Осыны сылтау еткен Кир жауынгерлерін шығысқа қарай аттандырады.Арақс дариясына жетіп,үстінен қалқыма көпірлерді құруға, кемелердің кермесінде мұнара қамалдар тұрғызуға әмір етеді.
Өзіңді тексер!
1.Томиристің отбасы.
2. Кішкентай жауынгер.
3.Кирдің жеңілуі.
2-тапсырма Сұрақтарға жауап жаз.
Мәтін кім туралы?
Тұмар - ол кім?
Неше жасынан соғыс өнеріне жаттыға бастаған?
Томирис кімді жеңіп алған?
Кир Томириске қандай ұсыныс жасады?
Кир неліктен соғысты бастады?