Ішінен салалас құрмалас сөйлемдерді теріп жаз. Азат елдің ар-намысы — Ата Заң
Еліне арналатын тілегі шын,
Ей, ұлым, Отанымның түлегісің!
Іргесін туған елдің тіреп тұрған
Қадірін Ата Заңның білемісің?!
Ешкім де мін таға алмас елдігіме!
Дауласып жармаспайды белдігіме.
Бойында Ата Заңның өріліп тұр
Даламның кеңдігі де, теңдігі де!
Бағынған өз заңына жұмыр ғалам,
Сондықтан Күннен Жерім суынбаған.
Қоғамның сан саласын реттейтін
Әрбір заң Ата Заңнан туындаған.
Бастайтын болашаққа бақ кемені,
Осы жол халықтың да нақ сенері!
«Халқыма адалмын!» деп Ата Заңға
Елбасы қолын қойып Ант береді.
Болғанмен бұл өмірде айлаң күшті,
Ел үшін кім тындырар қайран істі?!
Еліңнің дамуы мен дағдарысы
Ол дағы Ата Заңға байланысты!
Нұр шашқан жас ұрпақтың ұғымына?
Тіркелей әсер еткен ғұмырына,
Айналды Ата Заңы мызғымайтын
Тәуелсіз мемлекеттің тұғырына!
Әр бабы , әр тармағы жойылмайды,
Шектеу де және тегін қойылмыйды!
Келісімшарт жасасқан барлық шет ел
Қазақтың Ата Заңын мойындамайды!
Өмірден әділдік пен бақ табатын,
Құқығым қорғалды деп шаттанатын,
Өзіңдей жас өркендер келеді өсіп
"Бұл біздің- Ата Заң" деп мақтанатын!
Өркендеп өз қолына алған ісі,
Биікке қазағымның самға, құсы!
Халық боп қадір тұтып, қастерлеген
Ата Заң- азат елдің ар- намысы!

pastoling pastoling    1   07.12.2021 17:50    4

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi