Шұмбылақ туралы мәтінге 3 сұрақ қурастыр Шымбұлаққа әдетте Алматы тұрғындары бармайды, сырттан келгендер ғана барады деседі. Шын мәнінде бұл, әрине, жай ғана қалжың. Аты аңызға айналған таулы курортты алматылықтар да, бүкіл әлемнен ағылып келіп жататын туристер де жақсы көреді. Қазір маусымның нағыз қызған шағы болғандықтан, біз де тікелей Шымбұлаққа аттанайық, әрі биылғы жылы көптеген жаңалықтар ұсынылады. Біз сіздерге солардың ең қызықтылары туралы әңгімелеп береміз. Сол жақ Талғар шатқалында салынған жаңа сноупарк, оны салушылардың жоспарына сәйкес, маусымдық тұрғыдан ең ұзақ жұмыс істейтін болады. Өз жұмысын желтоқсан айының алғашқы күндерінде бастай отырып, климаттық жағдайлардың және теңіз деңгейінен 3200 метр биіктікте орналасуының арқасында парк 12-мамырға дейін қонақтарды қабылдауға дайын болмақ! Сондықтан бізде католиктік және православиелік екі Рождествоны ғана емес, сонымен қатар, мамыр айының мерекелерін де, фристайлдан ләззат ала отырып, осында атап өтуге барлық мүмкіндіктеріміз болады.

skirtachmaksim skirtachmaksim    3   08.12.2021 12:06    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi