Үш қиян толғауының жер атауларының географиялық сипаттамасын жазып көрсетіңдер. Ерекшеліктері туралы айтып беріңде​

alan550 alan550    2   23.11.2020 14:17    1

Ответы
nikasuper09 nikasuper09  23.12.2020 14:23

18-19 шумағында Қалдығайты, Бұлдырты, Өлеңті, Шідерті,Аңқаты деген жер-су аттарын байқаймыз. Қалдығайты – Орал төңірегіндегі өзен аты. «Қалды – қайтты» деген экспрессивтік тіркестен құралған. Негізгі дұрыс атауы – «Қандағаты» болу керек. Моңғол тілдерінде «бұғылы өзен» деп аталады. Бұлдырты – Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, ұзындығы 162 км құрайтын, Жалтыркөлге құятын өзен мен елді мекен атауы. Кейбір деректерде қыраттың аты, «бұлдыртау» немесе «бұлыңғыртау» деген мағынаны береді. Тарихшы – өлкетанушы Мақсот Жолжановтың «Қазақ тарихы, тіл – әдебиеті және топонимикасының өзекті мәселелері» атты еңбегінде: «Бұлдырты – бурят қалмақтың «болдорта» (1755 жылы қалыптасқан), «болдукта» (1905-1910 ж. қалыптасқан) сөзінен бастау алады делінген. Өлеңті – қыр, өзен, шөптің аты. «Өлеңтау» деген мағынаны береді. Бұл өзен Павлодар облысында да, Батыс Қазақстан да жұбын жазбай, Шідерті деген өзенмен қатар ағып жатыр. Шідерті – халық аңызы бойынша ат шідері жоғалып, содан шідерті (шідерлі) аталған. Сібір орыс диалектісінде «шибир» немесе «шивир» – «өзен жағасындағы не төменгі бойындағы бұталы тоғай» деген мағынаны білдіреді.Моңғол тіліндегі «шидер» - шырмауыққа бай өзен деген мағынаны да білдіруі ықтимал. Аңқаты – Батыс Қазақстан облысының Сырым және Ақжайық аудандарынан өтіп, Шалқар көліне құятын өзен, Ақжайық ауданындағы елді мекен атауы. Көне түркі, моңғол тілдеріне тән атау. Сырым ауданында Есен Аңқаты, Ақжайық ауданында Шолақ Аңқаты деп аталады. Араб саяхатшысы Ахмед Ибн Фадлан (877-960) жазбасында Аңқаты өзені туралы деректер кездескен. Ғалым Э.М.Мурзаевтың «Словарь народных географических терминов» атты (1984 ж. 50-бет) еңбегінде: «Анга – Ленаның бір саласы, Байкал көлінің бір тармағы»,-делінген. Демек, Аңқаты өзенінің түп тамыры Анга сөзінен шығуы мүмкін. Бұл жерді 1630 – 1771 жылдары қалмақтар мекендеген.

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi