Ш.Құдайбердіұлы «Еңлік- Кебек» дастаны. 4-сабақ Кебек батыр өз бақытын сынамаққа, Әдейі іздеп келіпті балгер жаққа. Оңашада жалынды абызға кеп, «Бал ашып бер, – деді де, – біздің баққа». Бір күні Қабекеңе Көбей келді, Үйге кіріп келді де сәлем берді. «Қыз да жоқ, Кебек те жоқ, ел шабысты, Мен сізден ақыл сұрай келдім», – дейді. Бүгін мұнда кез болдың құдай айдап, Атыңды естіп жүруші ем сырттан сайлап. Тасыр болса, талғамай тап берер деп, Түні бойы сынадым сізді абайлап. Қырылған соң қалмақтар жаман сасқан, Нұржайсаң, Шәуешектен өте қашқан. Ата қоныс – Арқаны босатып ап, Қазақ келіп қалмақтың орнын басқан.