Үш бидіңдің шешендіқ сөздерінің тәрбиелік мәні бүгінгі күні маңыздыма?эссе​

янннак янннак    1   30.10.2020 16:47    1

Ответы
arishatopic arishatopic  29.11.2020 16:48

Шешені судай төгілген халықпыз. Түгел сөздің түбін түсірген, аталы да, баталы да сөз қалдырған түп атамыз Майқы бидің ұрпағымыз. «Сылдырап өңкей келісім» деп Абай айтпақшы, өлең сөзге дес бермеген, ауылдың алты ауызын аңыратып, ердің құнын екі-ақ ауыз сөзбен бітіретін данышпан халықтың перзентіміз. Небір дүлдүлдер домбыраны дәсерлетіп, қиыннан қиыстырып сөз тауып айта білетін аталар мен әжелер, ару аналар мен абзал әкелер тәрбиелеген ұланбыз. Тізбекті тарата берсем, таусылмасына көзім жеткендей-ақ.

Біз – шешендік өнерді сүйетін де, оны бағалай білетін де халықпыз. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демей ме дана халқымыз?!

Бір көргенін үйреніп, лезде жаттап ала қоятын, өзінің білгенін біреуге жеңіл де тез түсіндіре қоятын қабілетіне, зеректігіне шет жерлік жолаушы да қайран қалады. Шешендік  — тек жақсы мен жайсаңның ғана еншісі емес, бүкіл халықтың қасиеті екендігіне көзі жетеді. Міне, осындай зор қасиет-қабілетке ие, менің халқым!

Шешендік өнер қай жерде сөзге бостандық, еркіндік болса, сол жерде ғана дамиды деп ойлаймын. Өйткені, ақыл-ойға, сөзге, тілге қысым жасалса, шек қойылса, ақындар мен шешендер сөйлей алмайды, сөз өнері де тоқырауы әбден мүмкін.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi