«Ұшқан ұя» отбасылық құндылықтарды кеңінен дәріптейді. Қазақ халқының даңқты
батары Бауыржан Момышұлының балалық
шағына, отбасылық тәрбиесіне куә боламыз.
Шығарма мазмұнын негізге алып «Алыпты
ұшырған ұя» тақырыбына қазіргі өмірмен
байланыстыра отырып, әдеби эссе жазыңыз. 150сөз
Неге екенін білмедім, бірақ Бауыржан атаның кітаптарын аса сүйіспеншілікпен оқимын. Мүмкін Бауыржан Момышұлы атындағы мектепте оқып, сол жерде атамызға деген махаббатты жүрегіме ұстаздар ұялаған болар… “Ұшқан ұя” жаныма жақын болды. Енді өзім керек деген жерлерін жазып алған едім, солармен бөлісіп, өз ойларымды да қоссам… Мүмкін сіздерге қажет болып қалар…
Б. Момышұлы өзінің әкесі жайлы былай жазады: ”Жалғыз атты болса да, кісіден кіріптар болғанды қорлық санап, аз күн жарық дүниеде азаттық аңсап, қатықсыз қара су ішсе де, бай – манапқа алақанын жаймаған”. Расында, байлық, мансап – өтпелі, ал жақсы мінез, ізеттілік – мәңгілік.
“Қолдан келсе, ең бастысы баланы қуанту керек. Ол қуанса, шын қуанады”.