Ұшқан ұя эссе не окыдын комекк

Zasov Zasov    2   01.03.2021 08:53    1

Ответы
canay2211canay canay2211canay  01.03.2021 09:00

Қолымда Бауыржан Момыш­ұлы­ның «Ұшқан ұя» кітабы. Аялай ұстап, толқи оқимын. «Біздің кейде өткенді еске алсақ болды, тұтас тұлға іздеп, бүтін бір жүйелі оқиға іздеп, кесек-кесек кереметтер іздеуге ерекше мән беріп қарайтынымыз бар. Дәл осы өлшем балғын кезге келе бермейді. Өйткені бала жүрегі, бала көңілі, бала ойы алғашқы көргенін, алғашқы сезгенін, алғашқы тұшынғанын қаз-қалпында, тұнық күйінде болмысына ұйытып алады да, сол қалпында сақтай біледі.  

Бала қиялы ол көргендері­нен көлемді ой түйіп жатпай­ды. Қайта үзік-үзік үміттің өзінен рақат сезімге бөлене береді. Дәл қазір менің көз алдымда сонау сәби кез­дегі қызық пен қуа­ныш­тың елес­тері түйдек-түйдек жаңғы­рығып, жанымды жай таптырмай отыр».

Баукеңнің осынау тебіреніс­ке толы көңіл күйі менің жан дү­нием­ді зілзалаға салып отыр де­сем, өмірдің ащы-тұщысынан не­ме­се тәтті-дәмдісінен аузы уыл­ған біраз адамдар кекесінмен сү­ле-сапа, қыжырта қабылдарына күмән­данбаймын.

Балғын балалық шағын өт­кен ғасырдың 20-50-ші жылдар аралығындағы қан-қасап қыр­ғындар мен ашаршылықта, үрей мен кіріптарлықта, аштық пен жоқ­шылықта өткізген бақытсыз ұрпақтың қиянға құлаш ұрар әсершіл періште сезімге бөлен­ген қымбатты естеліктері, әри­не, тапшы болды. Ал бүгінгі жас­тар­дың болашағына алаңдаған Баукеңнің: «Ертексіз өскен бала –

рухани мүге­дек а ­лары­мызға әжелері не шеше­лері ертек айта бермейді. Содан қор­қам, менің қазіргі келін­дерім неме­релеріме бесік жырын ай­та білмейді. Бесікте жат­қанда құла­ғына анасының әлди әні сің­беген баланың көкі­регі керең бо­лып қалмаса деп қор­қамын», деп қауіп етуге толық қақысы бол­ғанын ендігі жерде дәлелдеп тыраш­танудың жөні болмас.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi