Сэтого текста найти хотя бы по 10 словосочетаний на қиысу, матасу, меңгеру, қабысу:

біз жалпыұлттық идеямыз – мәңгілік елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даңғылын нұрлы жолға айналдырдық. қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел нұрлы жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. mәңгілік ел – елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. ол «қазақстан-2050» стратегиясының ғана емес, xxi ғасырдағы қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! жаңа қазақстандық патриотизм дегеніміздің өзі – мәңгілік ел! ол – барша қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы.

өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «мәңгілік ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр. отанды сүю – мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып, және кейінгі ұрпаққа аманат етіп, табыстау деген сөз. барша қазақстандықтардың жұмысының түпкі мәні – осы!

«мәңгілік ел» идеясының бастауы тым тереңде жатыр. осыдан 13 ғасыр бұрын тоныкөк абыз «tүркі жұртының мұраты – мәңгілік ел» деп өсиет қалдырған. бұл біздің жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің тамыры сияқты көне тарихтан бастау алатынын көрсетеді. жалпыұлттық идеяны өміршең ететін – елдің бірлігі. ауызбіршілік қашқан, алауыздық тасқан жерде ешқашан да жалпыұлттық идеялар жүзеге асқан емес. қазақстанның шыққан шыңы мен бағындырған биіктерінің ең басты себебі – бірлік, берекесі.

біз тұрақтылықты бағалай білгеніміздің арқасында бүгінгі табыстарға жеттік. ешкімді кемсітпей, ешкімнің тілі мен ділін мансұқтамай, барлық азаматтарға тең мүмкіндік беру арқылы тұрақтылықты нығайтып келеміз. біздің кейінгі ұрпаққа аманаттар ең басты байлығымыз – ел бірлігі болуы керек. осынау жалпыұлттық құндылықты біз әрбір жастың бойына сіңіре білуге тиіспіз.​

LadySmail LadySmail    2   12.01.2020 12:31    3

Ответы
pakipysi pakipysi  11.09.2020 17:25

ответ:Қабысу:басты бағдар,мәңгілік ел,көне тарих,жалпыұлттық идея,кейінгі ұрпақ,қажырлы еңбек,нұрлы жол

Матасу:елдің бірлігі,Қазақстанның шыңы,ешкімнің тілі,елдің күші,жұртының мұраты

Меңгеру:еңбекті қажет ететін,ешкімді кемсітпей,азаматтараға мүмкіндік беру,құндылықты сіңіре білу,тарихтан бастау алу,мұраны қадірлеу

Жанасу:аянбай тер төгу,көздің қарашығындай сақтау,тереңде жатыр(қайда жатыр),тең мүмкіндік беру

Қиысу:біз айналдырдық,Біз жеттік

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi