Серке Қожамқұловтың мерейтойында қақaлып - шашалып сөйлей алмаған студенттер — біздің сөзімізді сынап , аспай - саспай маңғаздана сөйлейтін бір кісі сазайымызды берді . « Үлкен сахнаға шығар алдында , үлкен артист жөнінде салиқалы сөз айтқанда дайындалған жөн болмас па ? » . Бұны айтқан әйгілі жазушы - драматург Ғабит Мүсірепов екенін сонда білдік . Бұрын атын естігеніміз болмаса , Алматыға жаңа келген біздер ұлы қаламгерді қайдан білейік ?! Жасып қалдық . Кірерге тесік таппай , түнеріп тұрғанбыз . Көп кешікпей , кең иықты , зор денелі елулер шамасындағы жігіт ағасы мінбеге көтерілді де , әдеттегідей мерейтой иесіне айтылар мадақ сөздерді бұршақтай жаудырды . Отырғандарды күлкіге көміп тастады . « Шәкен ғой » деген күбір - сыбырларды естідік . — Серәліні сахна серісі еткен осынау өнер отауының өзі де , төрі де киелі . Жаңағы өрімдей жастар шатасайын деп шатасқан жоқ . Оларды киелі сахнаның сұсы шошытып жіберді . Бәріміз де құлап - сүрініп осылай бастағанбыз . Әлі күнге дейін жұрт алдына толқып шығамыз . Сөз де , әрекет те тәжірибемен шыңдалады , - деп сөзін аяқтады . Әжептәуір серпіліп қалдық . Шәкен ағаны бәріміз жақсы көріп кеттік .
Серағаң кешінде Шәкен Аймановтың ізінен қалмай , студент жастармен кездесуін өтіндік . Аяулы аға тілегімізді қабыл алды да , кездесуге киностудияға келуімізді талап етті . Келісілген уәде бойынша 40-50 минуттың орнына кездесу 3 сағатқа созылды . Әжімді жүзі алаулап , қысыңқы да қуақы көздері күлімдеп , қарқылдай күлген сәттерінде батыр тектес зор денесі түгел селкілдеп кететін . Айманов , сөз жоқ , сүйкімді жан . Кез келген сауалға жауабы даяр . Тосылу , қысылу дегенді білсейші ?! Юморы неткен табиғи . Тілі - өткір , өзілі - ащы . Бейнелі сөзге тым ұста . Киносы бар , театры бар , жүзден аса көркем бейнені сомдаған , оннан астам фильм түсірген әйгілі суреткердің айтар ойы мол .
Ә . Сығай . « Театрлар шеруі » кітабынан

1. Мәтіндегі ақпарат кімдер туралы ?
2. Студенттер қайда сөйледі ?
3. Ғ.Мүсірепов не үшін ренжіді ?
4. Ш.Айманов студенттерді қалай қорғаштады ?
5. Студенттер кіммен кездесу өткізді ? Кездесу қайда өтті ?


Серке Қожамқұловтың мерейтойында қақaлып - шашалып сөйлей алмаған студенттер — біздің сөзімізді сына

slv13 slv13    3   20.10.2020 14:55    58

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi