Сергей Петрович орнынан тұра сағатына қарады. Ол денесін тікейте, екі қолын артына ұстап, жай бастады сөзін. Жатқа айтты. Қарағандының қазіргісін ғана емес, келешегін де
көрген байсалды адам жұмысын жайып салып, картадан көрсеткендей сөйледі.
Қазір Қарағандының келешегінен гөрі бүгінгі жағдайын баса айтып, түйінді бірнеше
мәселеге тоқталды да, бәрін өзі шешіп берді.
... Бізден бұрын Ермек ашқан бір ғана шахта жұмыс істеп тұр. Ескі жұмысшылар
үйренген өндірісін тастап кете алмаған. Көмірді қолбұранмен шығарып, елге азы-түлікке
айырбастап күн көріпті. Біз келгелі жаңадан төрт шахта қазылып жатыр. Материал,
алдымен ағаш жетпейді. Су, азық-түлік жетпейді. Ағылып келе жатқан жұмысшыларға үй
жоқ. Бәрі теміржолдың келуін күтеді. Оған дейін көпті қаңтарып тұра аламыз ба? Әрине,
тұра алмаймыз. Жергілікті мүмкіншілікті барынша пайдалану керек. Сол мақсатпен
шахтаның өте ауыр қолбұранын атбұранға айналдырдық. Бұл еңбек өнімін бес есе
арттырады. Таяуда ат күшін бу күші басады. Еңбек өнімі тағы да арта түседі. Электр қуатын
жасағанша осылай амалдай тұрамыз.
Щербаков жай сөйлеп алдағы қауырт жұмыстарды қиындықтарымен қоса көз
алдынан өткізіп тұр. Мейрам оның сөзінен сол қиындықтарды жеңетін күшті де көріп,
сүйсініп отыр. Оқта-текте сұрақ беріп қояды.
-Су мұқтаждығын қалай жоямыз?
- «Герберт» суы ертең жер бетіне шықпақ. Құдықтар суы тек адам ішуге қалады. Онымен де
су мұқтаждығынан құтыла алмаймыз. Екі километрде «Майқұдық» бұлағы, отыз бес
километрде Нұра өзені жатыр. Соларды тарту керек. Теміржолы келіп, трубалар
жеткізгенше канал дайын тұрсын Мейрам сұрақ қойды:
-Көп жұмысты теміржолдың келуіне қараттыңыз. Оған тиеген жүгіңіз бар ма, қашан келеді?
-Жол біздің қарауымызда емес қой. Кесіп айту қиын. Январьға дейін Қарағандыға жетуге
тиісті. Жеткен күні Донбастан көмек келеді.
-Қандай көмек?
-Бір бу генераторы, екі буқазаны, нефть, двигатель, болат арқан, трубалар, бірнеше динамо.
Ұсақтарды қоспағанда, бастылары осылар. Осының өзі бір адым алға жібереді бізді​

He1111p He1111p    2   26.10.2020 12:06    8

Ответы
gsgshhshsbababa gsgshhshsbababa  25.11.2020 12:07

Маған да керек болып тұр

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi