Серік Жұманғалиұлы Сәпиев 1983 жылы 16 қарашада , Абай қаласы, Қарағанды облысында дүниеге келген. Боксшы, олимпиада чемпионы, халықаралық спорт шебері, Қазақстанның бокс бойынша еңбек
сіңірген спорт шебері. Болашақ әлем чемпионы бокспен 11 жасынан айналысқан. Бапкері- Александр
Стрельниковтың тәрбиесін көрді. Жас талапкер білікті бапкерге бірден ұнады. Серік менің алдыма
келгенде 11 жаста еді. Өзі нәзіктеу, тұйық болатын. Бірақ көзіне қарап-ақ тегін бала еместігін аңғардым.
Жанарында бір ұшқын бар. Уақыт оза байқасам, өнері аздап ағасына келіңкірейді. Бақтай да техникалық
арсеналы өте бай, жылдам боксшы болатын. Сондай қасиеттер Серіктің де бойынан табылды. Сол кезде
мен бұл жігіттің шабысы ширақ болатынын байқадым, – дейді бапкері Александр Стрельников.
2004 жылы Қарағандылық боксшы әскерилер арасында әлем чемпионы атанып, өзінің алғашқы ірі
жеңісіне қол жеткізді. Сол маусымда ол 60 келі салмақ дәрежесі бойынша Қазақстан чемпионы атанды.
Бакуда өткен Бокстан әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болған Серік Сәпиев Лондон олимпиадасына
жолдама алады. Бейжің және Лондон Олимпиадасында бокстан құрама команданың капитаны болды.
Қазақ боксының ғана емес, әлем боксының жарық жұлдызына айналып үлген Серік Сәпиев
Олимпиаданың ең үздік боксышы атанып, «Баркер» кубогының иегері атанды.
Серік Жұманғалиұлы Сәпиев спорттың қай түрімен айналысқан?
Серік Сәпиев 11 жасынан бокспен айналысқан