Септеулік шылауларды тауып жазып, олардың қай септіктегі сөздермен тұрғанын анықтаңдар.
1. Жігітті басынан аяғына шейін барлап, жіті қарай бастады.
2. Екі күн өткен соң ауыл Көлқайнардан Шыңғысқа қарай көшті.
3. Гүлсім оны бұрын көрмеген-ді. 4. Әли кейін жүрді. 5. Бірақ ілгері
жүріп, Тобықтыға қарай басқан сайын осы жетек жүзге тарта болды.
6. Содан бері жортып жүрмін. 7. Садуақас қонақтар жайланғаннан
кейін ғана келді. 8. Біз үйдің ығына қарай беттедік. 9. Бұл шараға
жүзге жуық адам қатысты. 10. Себумен қабат қорғау керек. 11. Әрі
жығыл десең, бері жығылады. 12. Бұрын көрген дос, таныс тәрізді
жаныңды билеп әкетеді.