Себеп-салдар салаласты себеп бағыныңқылы сабақтасқа айналдырып жазыңдар ой-ұғымы,сезім-түйсігі ұқсас,жаны жалғас ғана бір-бірімен тату дос бола алады,өйткені ондай бір-бірінің жай-күйін жақсы ұғысады.өтірік айтудан сақтаныңдар,себебі өтірікшілер - имансыздар.тіпті пайдасын көріп тұрсаңыздар да, өтіріктен сақтаныңыздар,себебі түбінде өтірікшінің күні қараң.әділеттік - алланың жердегі терезесі,әділетті сол терезе бейішке бастап апарады.білім алу жолындағы табандылықтан артық іс жок,себебі ілім кісіні ізет пен абыройға жеткізетін құрал болып табылады.жомарт кіснің қателіктерін кешіріңдер,себебі алла тағала,ол сүрінген сайын,қолынан ұстап,құлатпайды

jakupbekova860 jakupbekova860    1   01.06.2019 22:30    7

Ответы
444477 444477  01.10.2020 16:44
Ой-ұғымы,сезім-түйсігі ұқсас,жаны жалғас адамдар ғана бір-бірімен тату дос бола алғандықтан,ондай адамдар бір-бірінің жай-күйін жақсы ұғысады.Өтірікшілер имансыздар болғандықтан,өтірік айтудан сақтаныңдар.Түбінде өтірікшінің күні қараң болған соң,тіпті пайдасын көріп тұрсаңыздар да,өтіріктен сақтаныңыздар.Әділеттілік Алланың жердегі терезесі болғандықтан,әділетті адамды сол терезе бейішке бастап апарады.Ілім кісіні ізет пен абыройға жеткізетін құрал болып табылғандықтан,білім алу жолындағы табандылықтан артық іс жоқ.Алла тағала ол сүрінген сайын қолынан ұстап,құлатпайтындықтан,жомарт кісінің қателіктерін кешіріңдер.
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi