Сауын алу. «Ердің күйін сүрама, жұрттан сауын сауған соң, (ел аузынан). Бұрын кедейлер мен малы аз адамдар ауқатты бай-
лар мен жақын ағайындарынан сүтін пайдалану үшін «сауынға»
деп құлынды бие немесе бұзаулы сиыр, кейде бірнеше қой, ешкіні
де белгілі бір уақытқа сұрап алатын. Сауынға алған малдың сүтін,
май, қаймағын пайдаланып, қысқа құрт, ірімшігін дайындайды.
Сауын тәртібі бойынша алған адам малдың күйін төмендетпей
және оның төлін де мезгілінде аман әкеліп тапсыруға кепілдік
береді. Шығын болса, сөз айтпай төлейді. Сауын алудың ереже,
тәртібі осындай, оған ешкім дау айта алмайды. Ертеректе ке-
дейлер байлардан сауын алып күн көрген. Әдет бойынша малы
бар адамдар сауын беруге міндетті болған. Бұған ел ағалары
мен ақсақалдары да араласып, ауқатты кісілерді осындай
жәрдемге шақырып, ықпал етіп отырған. Бұл да қазаққа біткен
қайырымдылық қасиеттің бір көрінісі екені анық.
(«Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары» кітабынан )
аттар
дерді
АЙТЫЛЫМ 2-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер.
yan
Мәтіндегі негізгі ақпаратты беріп тұрған сөздер қайсысы
соочна