Сары май,сары уайым,сары уыз,сары ауыз,сары су,қалың киім,қалың жұрт,қалың бет,қалың қамыс,қоңыр сиыр,қоңыр жіп,қоңыр дауыс,қоңыр салқын,қоңыр күз,қоңыр қаз,қоңыр жел,қоңыр тарту,қоңыр аю мынаның мағыналарың жазып жіберіндерші өтініш өтінемін

valeralch valeralch    2   30.08.2019 08:10    29

Ответы
kopulenkodimasGAS kopulenkodimasGAS  06.10.2020 04:41

Сарымай – қой, ешкі, сиыр сүтінен алынған қаймақты күбіде пісу арқылы алынатын тағам. Сарымайдың түсі сары әрі сүт тағамдарының ішіндегі ең майлылығы мол, құнарлысы. 

Сары уайым – адамның жан дүниесіндегі сағынышпен,рухани мұқтаждықты сезінумен байланысты ұзақ уақыт бойына құлазу,қайғыру сезімі.

Сары уыз – енді ғана төлдеген малды бірінші рет сауғанда алынатын уыз.

Сары ауыз – көрінген әйелге көз сүзіп, сөз айтатын еркек.

Сары су – сүтті өңдеу арқылы сүзбе мен ірімшікті ажыратып, бөліп алғаннан кейін қалатын қалдық өнім.Тағы бір мағынасы адам организмінде ұзақ процестердің нәтижесінде тіндер мен органдар арасында пайда болатын қуысты білдіреді.

Қалың киім – жылы киім дегенді білдіреді.

Қалың жұрт – көпшілік,көп адам деген мағынада.

Қалың бет – ұятсыз,тәрбиесіз адам.

Қалың қамыс – су өсімдігінің өзендердің сағасы мен көлдер, арықтардың жағасында қалың тоғай құрып өсуі. 

Қоңыр сиыр – сиыр малының түсін білдіреді.(Қара мен қызылдың аралығындағы қою күрең түс)

Қоңыр жіп – жіптің түсі.

Қоңыр дауыс – бірқалыпты ырғақпен айтылған,жайлы үн, дауыс.

Қоңыр салқын – жағымды,бірқалыпты мезгіл.

Қоңыр күз – күздің ауа райы жылы және құрғақ кезі.

Қоңыр қаз – өзен-суларда жүретін қоңыр түсті жабайы қаз.

Қоңыр жел – жанға жайлы салқын жел.

Қоңыр тарту – күреңдену,қоңырлану.

Қоңыр аю – көбіне қалың орманды жерді мекендейтін сүтқоректі жыртқыш;аюдың бір түрі.Қоңыр аю - терісі,майы және шипалық қасиеті бар өті үшін ауланатын бағалы аң.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ