"Сараптаймыз!" Әлемдегі ең ірі экстремистік оқиға туралы ақпарат жинаңдар. Сол оқиға туралы пікірлеріңді тұсаукесер түрінде баяндаңдар. Тұсаукесер қойылатын талаптар:
• слайд-шоу түрінде;
• оқиғаға қатысты статистикалық мәліметтер келтіру;
• сол оқиғаға қатысты сарапшылардың пікірлерін талдау;
• өздерінің көзқарастарын дәйектеу;
• оның адамзат тарихындағы рөлін бағалау;
• сынып оқушыларының тұсаукесер тақырыбы бойынша қойылған сұрақтарына жауап беру.