Салыстыр. Не байқадың? 68. Мәтінді оқы.
Қайыңның көз жасы
Қапан кешке бұтағы сынған қайыңнан су тамшылап
тұрғанын байқады. Қайта-қайта қарап, таң-тамаша. Осы
сәтте Күркебай қарт таяп келді. Қапан:
Ата, айтыңызшы. Неге су ағып тұр? - деді қайыңның
діңін нұсқап.
Су емес... Қайыңның көз жасы - ол. Біреу бұтағын
сындырған. Содан жаны жараланып, жылап тұр. Тілі жоқ
айтатын. Қайтсін, байғұс?! Табиғат перзенті - ағаштың да
жаны, жүрегі бар! Адамдардан аялы алақан, күтім тілейді!
Ал олардың жасайтыны
Қапан ұялды. Қарттың уәжді* сөздері зердесіне жет-
кендей басы салбырап, қозғалмастан тұрып қалды. «Енді
сындырмаймын, ата!» деген сөзді іштей қайталай берді.
Толымбек Әбдірайым
осы...
• Қалай ойлайсың, Қапан неліктен ұялды? Өз ойыңды дәлелде.
• Мәтін неліктен «Қайыңның көз жасы» деп аталған?
• Мәтіндегі негізгі ойды анықта.
• Мәтіннен етістіктерді тауып, қай жақта тұрғанын айт.