Сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтиже талқыланады. Оқылымалды тапсырмасы.
А) мәтіндерді оқып отырып, түсініксіз сөздердің астын сызады;
В) түсініксіз сөздермен сөздік арқылы жеке жұмыс істейді.
1-мәтін.
Абай Қарқаралыдан қайтып келген соң, күндіз - түні кітап оқыды. Оқыған кітаптарынан көп асыл бұйымдар тапты. Абай тарихи кітаптар мен Шығыстың дастан, хикаяларын бас алмай оқыды. Кешкі шайдан соң, Абай кейбір оқып шыққан кітаптарын үй ішінде әңгімелеп айтатын. Зере Абайдың кітапқа ықыласын байқап:
- Қарағым, осының ақыл. Осы ала қағазыңнан айырылма. Басқа
балаларға ұқсама, -деді. Абай әжесінің сөзіне разы болып, күн сайын бір тамаша әңгіме айтатын болды.
2-мәтін.
Табиғат жаратылысы өзіне тән жыл он екі ай төрт мезгілмен ұштасады. Әр мезгіл өз сұлулығымен таңдай қақтырарлықтай. Мысалы қыс - мамықтай жұмсақ, кіршіксіз таза көңілдей аппақ қарымен көрікті болса, ал көктемде жылғалардан су ағып, өсімдік атауы бүршік атып, ағаштар ақ гүлден моншақ тағынады, төрт-түлік төлдеп тіршілікке жан бітеді. Айналасын жасыл кілемге орайды.
Сұрақтарға жауап беру
А) Абай неліктен кітапты көп оқыды?
В) Әжесі нені байқады?
С) Әжесі қандай кеңес айтты?
Д) Қандай жыл мезгілдері сипатталады?

polimur9 polimur9    3   16.04.2021 07:07    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi