Сабақ Ақ көгершін Бұл сонау ерте заманда болған екен. Ол кезде соғыстың не екенін ешкім білмепті. Біреуді-біреу өлтірмейді екен. Кедей де, бай да, сараң да болмапты. Күндердің бір күні Жақсылық деген кісінің әйелі ұл тауыпты. Шілдеханаға көп адам жиналыпты. Диуана да келіпті. Диуана сәбидің бетіне қарап:-Мына бала түбінде жұртқа пәле болып жүрмесе не қылсын, – депті.Жыл артынан жыл өтіпті. Бала өсіп ер жетеді. Өскен сайын сараңдығы да арта береді. Дүниеге қомағайланып, екі көзі қанталап қарайтын болады.Пышақ, шот, балта секілді өткір заттарға әуес болып алады. Мұндай заттарын жұрт одан жасыратын әдет тауыпты.Күндердің бір күнінде сараң бала өзіне садақ пен жебе жасап алады да қартайған әке-шешесін қуып жібереді. Даладағы аңдар мен құстардың бәрі менікі болса деп армандайды.Бір күні ол қырға шығады. Көктем кезі екен. Күн жарқырап, құстар сайрап, жер жүзі құлпырып тұрады. Сараң қараса бағындағы алма ағашында көгершін қонақтап отыр екен. Ол: "Менің алма ағашыма қонақтап отырған көгершін де менікі болу керек" - дейді. Сөйтеді де көгершінді көздеп, садағымен атуға ыңғайланады. Дәл сол кезде кенеттен ақ көгершін ғайып болып кетеді де, оның орнында сақалды өзінің әкесінің отырғанын көреді. Сараңның қолы салқ етіп төмен түсіп кетеді. Міне қызық. Алма ағашында тағы да ақ көгершін отыр. Сараң садағын тағы көтереді де әкесінің ағашта отырғанын тағы көреді. Ыза болған сараң енді ай-жайға қарамайды. Сараңдығы "Ат, ат" - деп қыстайды да, атып жібереді. Сол кезде алма ағашының түбіне сылқ етіп өзінің әкесі құлап түседі. Ал ақ көгершін шарықтап ұшып кетеді. Біреуді-біреу өлтіретін сұмдық оқиға жер бетінде тұңғыш рет осылай басталған екен дейді.Қарт әкенің қаны алма ағашының аппақ гүліне шашырайды. Содан бері алма ағашы ақ түспен гүлдемей қызғылттанып гүлдейді екен. Ал ақ көгершін содан бері ешуақытта ағашқа қонақтамайтын болыпты. Көгершін көзінің қызыл болуының себебі де жерге тамған адам қанын көрумен екен дейді.
1.Сараң балаға мінездеме бер:
Бала