Сақ патшайымы Тұмардың (ж.ж.с.д. 570 — 520) есімі ежелгі жаз-
баларда «Томирис» деп көрсетілген.
Тұмар
ел
массагеттердің патшайымы, скиф
халқының көсемі — Ишпақайдың ұрпағы,
скифтердің патшасы — Мадийдің шөбересі,
массагеттердің патшасы — Сыпырдың
Қызы. Патшайымның анасы Томиристің сәби
шағында қайтыс болады. Кішкентай қызды
Әкесі тәрбиелейді.
Томирис бала кезінен әскери іс-қимыл
мен қару-жарақ пайдаланылатын ортада
Өскен. Әкесімен бірге жаулардан бірнеше
рет қашып құтылған. Ал бес жасынан бастап асау атқа мініп жүрген. Алты жасында қолына
ақинақ — қысқа семсер ұстап, соғыс өнеріне жаттыға бастаған.
Парсылардың Кир патшасын жеңген соң Томиристің аты тарихта қалған. Кир патша
Шығыстағы массагеттерді жаулап алуды көздеген.
Алдымен, Кир көшпенділер еліне елші аттандырады. Олардың патшайымы
Тұмардың
өзіне тұрмысқа шығуын сұрайды. Осылайша Кир массагеттермен соғысуға сылтау іздейді. Тұмар
Кир патшаның (ж.ж.с.д. 558 — 530) ұсынысын қабылдамайды. Осыны сылтау еткен Кир жауын-
герлерін шығысқа қарай аттандырады. Аракс дариясына жетіп, үстінен қалқыма көпірлерді
құруға, кемелердің кермесінде мұнара қамалдар тұрғызуға әмір етеді.
тапсырма : мәтін мазмұны бойынша 5 сөйлем құрап жаз.