Сақ мәдениеті темір кезеңінде кең тарады. Шаруашылығы - мал
шаруашылығы, Батыс және Оңтүстік
Қазақстанда түйе шаруашылығы
дамыды. Сақтардың ат мифологиясын
күн және отпен байланыстырды.
Сақтар туралы грек тарихшысы Герадот
жаман ол сақтарды Азиялық Скифтер
деп атаған, ал парсы деректерінде:
сақтарды құдіретті еркектер деп атаған.
Иран жазбаларында оларды: жүйрік
атты Турлар деп атаған. Олар орта Азия
мен Қазақстанда өмір сүрген. Сақ
аскерінің соғысу шеберлігі жоғары,
атты үстінде шабандоз, садақ атудан
мерген болған.
Сақтар немен айналысқан? (Чем
занимались соки ?)
басқа елдерді жаулаған
мал шаруашылығымен айналысқан
бау-бақша өсірумен айналысқан​

Zlowmak Zlowmak    3   25.12.2020 09:15    0

Ответы
юля2716 юля2716  24.01.2021 09:16

Сақ мәдениеті — ерте темір дәуірінде Қазақстан мен оған жапсарлас өлкелерді мекендеген тайпалар қалдырған археологиялық ескерткіштер жиынтығы. Бұл тайпалардың тарихы бізге сақ атауы негізінде көне парсы және грек жазба деректерінен жеткен. Археологиялық зерттеулер Қазақстандағы Сақ мәдениеті жөнінде (б.з.б. 7 — 3 ғ-лар) неғұрлым толығырақ деректер береді. 1930 жылдардың соңында басталған зерттеу жұмыстары іс жүзінде 1946 жылдан кейін ғана кеңінен өрістеді. Жетісу, Төменгі Сырдария, Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстанда Сақ мәдениеті ескерткіштері ашылды, көптеген қорымдар, ғұрыптық орындар, т.б. жәдігерлер қазылып, зерттелді. Жетісудағы Есік (Алтын адам) Бесшатыр обалары мен көптеген көмбелер, Сырдың төменгі ағысындағы Үйғарақ қорымы, Орталық және Солтүстік Қазақстандағы Тасмола мәдениетінің обалары, Шығыс Қазақстандағы Берел, Шілікті қорымдары, т.б. көптеген нысандар көне сақтардың тамаша ескерткіштері ретінде танымал. Кең байтақ аумақтарға тарағандықтан, әр өлкенің мәдениетін зерттеудің өзіндік жүйелері қалыптасқан.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi