Сағаттың шықылдағы – есем ермек, Һамиша өмір өтпек, ол білдірмек.
Бір минут бір кісінің өміріне ұқсас,
Өтті, өлді, тағдыр жоқ қайта келмек.
Сағаттың өзі -ұры шықылдағын,
Өмірді білдірмеген, күнде ұрлаған.
Тиянақ жоқ, тұрлау жоқ, келді, кетті,
Қайта айналмас, бұрылмас бұлдыр заман.
Өткен өмір белгісі- осы сыбдыр,
Көңілді күнде сындыр әлде тындыр.
Ақыл анық байқаған қылығыңды,
Қу шыққансып қарасып, босқа бұлдыр.
Күн жайылып ай болды, он екі ай-жыл,
Күн жайылып, қартайып қылғаны-бұл.
Сүйенген, сенген дәурен жалған болса,
Жалғаны жоқ бір Тәңірім, кеңшілік қыл
1.Өлеңнің идеясын анықтайтын өлең жолдары. (1)
А) Кеше батыр - бүгін қорқак, бұғады.
В) Туған жер туралы
С) Табиғат , қоршаған орта туралы
Д) Уақытты бағалау, бос өткізбеу туралы