Сөзжасамдық талдау

Дос байпақты етікпен қатынын көк желкеден қойып қалды. Желкесіне тиген зілдей етік Қарақатынның жұлынын үзе жаздап, көзінен жас ыршып кетті. Дос қолындағы етікті қайта сілтей бергенде Ақкемпір ұстай алды. Баласының қолынан етікті жұлып алып, есікке қарай лақтырып жіберді. Дос далаға жүгіре шықты. Өн бойын ессіз өшпенділік кернеген жігіт босағада сүйеулі тұрған тоқ шотты қолына ұстай ұмтылып еді. Томырың дөкір жігіттің ашу үстінде бір лаңды істеп салуы сөзсіз еді. Үйіне жақындап қалған Еламанды көрді де, қолындағы сығымдап ұстаған шотты лақтырып жіберді. Ол тек Еламанның үйі алдында қаңтарулы тұрған күміс ер - тұрманды бәйге күреңге жалт етіп тістене қарады:

─ Туһ! Неше, сірә, қатынжанды болғанда да...- Дос ызаға булыққан қалпы ішке кірді.​

Mapгарuтa Mapгарuтa    2   13.01.2021 23:02    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi