Сөзжасам. №3 тест. 1. Туынды сын есімді табыңыз.
А) Күшті В) Үсті С) Тәтті Д) Асты Е) Кетті
2. Жұрнағы бар сөзді табыңыз.
А) Жүр В) Сыныбым С) Дәптерлер Д) Сен Е) Оқулық
3. Түбір сөзді табыңыз.
А) Заңгер В) Балалар С) Малшы Д) Орман Е) Терезелер
4. Қос сөздердің неше түрі бар?
А) бір в) екі С) үш Д) төрт
5. «Көре-көре көсем болды» деген тіркесте қос сөзді анықтаңыз.
А) көсем В) көсем болды С) көре-көре Д) болды
6. Түбір сөзді табыңыз.
А) Көрсеткіш В) Қалада С) Түн Д) Асхана Е) Түндік
7. Жұрнақ арқылы жасалған туынды сөзді белгілеңіз.
А) Зейнетін В) Зейнетпен С) Зейнеткер Д) Зейнеті Е) Зейнет
8. «Ағалы-інілі бауырлар дауласты» сөйлемде күрделі сөздің қай түрі кездеседі?
А) біріккен сөз в) қысқарған сөз с) тіркескен сөз д) қос сөз
9.Бірнеше сөздер тұрса да бір мағына береді және бір сұраққа жауап береді. Бұл күрделік сөздің қай түрі жайлы айтылуда?
А) біріккен сөз в) қысқарған сөз с) тіркескен сөз д) қос сөз
10.тіркескен сөз бен сөз тіркесінің айырмашылығы қандай?
А) сөз тіркесі бірнеше сөзден тұрса да бір сұраққа жауап береді
В) тіркескен сөз бірнеше сөзден тұрады және бірнеше мағына береді
С) тіркескен сөздер бірнеше сөзден тұрса да бір ғана сұраққа жауап береді
Д) бірнеше сөзден тұратын сөз тіркестері сұраққа жауап бермейді