Сөздерді жазу. Тыңдалым. 1-тапсырма. Мәтінді тыңда, мәтінге 5 сұрақ құрастыр
Қазақтың ұлттық қолөнері
Қазақ даласында қолөнер ерте дамыған. Қазақ халқы күнделікті тұрмысқа қажет заттарды
қолдан жасаған. Оларды талғаммен әр түрлі ою-өрнекпен әшекейлеген. Қазақта ою-өрнек кең
тараған. Ғимараттарды, жиһаз, ыдыстарды, киімдерді ою-өрнекпен әшекейлеген. Қазақтар киіз
басып, сырмақ, тұскиіз жасау, кесте тігу, алтын-күмістен әшекей жасау технологиясын жақсы
меңгерген. Зергерлік өнер- қазақ қолөнерінің бір түрі. Зергерлер көбінесе әйелдердің сәндік
бұйымдарын жасаған. Сәндік бұйымдарға: білезік, сақина, жүзік, сырға, алқа жатады. Зергерлер
сәндік бұйымдарды асыл тастармен, ою-өрнекпен әшекейлеген.